"Бақытты бала" жобасы

Автор: admin от 19-03-2018, 11:30, посмотрело: 520

№8 орта мектеп базасында "Бақытты бала" жобасы аясында және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай шыңға өрмелеуден қалалық және облыстық деңгейде жарыс ұйымдастырылды . Жарысқа 200-ден астам оқушы қатысты . Сондай-ақ Хромтау , Жаңажол , Мәртөк , Қызылжар ауданынан командалар қатысты . Жарыстың қорытындысы бойынша : 2001-2002 ж.ж қыз балалар арасында ||| орынға ие болған Туребаева Дильназ (10Ә) , || орынға ие болған Сали Дильназ (10Ә) , | орынға ие болған Ермұxанбет Мәрмәр (10Ә) марапатталды . Аталынған жеңімпаздар Республикалық жарысқа жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз !!!

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Мектеп кітапханасында қызмет көрсету технологиясының даму бағыттары мен тенденциясы" семинары

Автор: admin от 16-03-2018, 14:30, посмотрело: 531

15 ақпан күні "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА  институнының ақпараттық орталығының жоспары бойынша #8 орта мектебінде "Мектеп кітапханасында қызмет көрсету технологиясының даму бағыттары мен тенденциясы" тақырыбында семинар өтті. Семинар мақсаты: кітапханашылардың кəміби шеберліктерін жетілдіру, ақпараттық сауаттылықты арттыру, кітап оқуды насихаттаудың заманауи əдістері. Семинар барысында мектеп психологтары тренингтер өткізді, ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың "Тəуелсіздік дəуірі" кітабы талқыланды, мектебіміздің онлайн кітапханасы жəне буккросинг кітап алмасу акциясы таныстырылды.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Жарайсың Дилмухаммед!!!

Автор: admin от 5-03-2018, 17:28, посмотрело: 397

8 орта мектебінің оқушысы Раев Дилмухаммед каратэден облыстық жастар арасындағы ҚРЧ бойынша іріктеу турнирінен І ОРЫН иегері атанды. Құттықтаймыз!!! Жетістіктеріңіз көп болсын!!!

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Жарайсың Асан!!!

Автор: admin от 5-03-2018, 17:16, посмотрело: 542

Мектебіміздің дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Жумашев Асан "Ақтөбе" жəне "Актюбинский вестник" газеттерінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық дəстүрлі шаңғы жарысында 3 орын иеленді.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Волейболдан жолдастық кездесу

Автор: admin от 5-03-2018, 15:30, посмотрело: 677

04.03.2018ж. күні, мектебімізде дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жастардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында Мұғалжар ауданының спортшылары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Жарыс барысында:
Қандыағаш қаласы - 1 орын
Ембі қаласы - 2 орын
Құмсай ауылы - 3орын 
иегері атанды

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine