«Шахмат» үйірмесі

Автор: admin от 11-12-2019, 20:49, посмотрело: 431

0

Шахмат кабинеті.Шахмат- пайдалы ойын. Ол стратегиялық тұрғыдан ойлау қабілетіне, жағдайды алдын ала біліп отыруға үйретеді. Бұл ойын мектеп оқушылары үшін ақыл-ойды дамытудың жақсы жаттықтырушысы. Шахмат — адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектебінде жүргізіліп жатырған «Шахмат» үйірмесінің негізгі мақсаты: Шахмат үйірмесі арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау. Үйірмеде оқушылар шахматтың шығу тарихымен танысады, ойын ережелерін үйреніп, сайыстарға қатысады. Үйірмені жүргізілуге арналған оқу кабинеті жабдықталған. Мектебіміз 2019 жылы Шахмат федерациясы ұйымдастырған республикалық байқауда еліміздің үздік он мектебінің қатарында жүлделі 1-орын иеленіп, осы кабинетті жеңіп алған. Шахматтан облыстық, қалалық деңгейде семинар өткізіліп, тәжірибе алмасу жүзеге асырылып отырылады. «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен бірлескен республикалық деңгейде шахмат пен дойбыдан мұғалімдер арасында дүбірлі жарыс ұйымдастырылып, мектеп мұғалімдері Н.Таубаев пен І.Ернияшовтар жүлдегер атанды. Үйірме мүшелері мен жетекшісі қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі шахмат жарыстарына қатысып, жүлделі орындар иеленуде. Еділжан Ерасыл Қайратұлы-облыстық шахматтан оқушылар арасындағы жарыстардың жеңімпазы; Социал Нұрдос, Қайырбек Айдана, Бөлеген Жәнібек, Жумагулов Диас-қалалық шахматтан оқушылар арасындағы жарыстардың жүлдегерлері.

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп жайлы / Оқушыларға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.