Сіз жолда жүру ережелерін білесіз бе?

Автор: admin от 15-09-2021, 19:45, посмотрело: 37

????Сіз жолда жүру ережелерін білесіз бе? ????Жолда жүру ережелерін бұлжытпай орындайсыз ба? Осы сұраққа білім алушылар жалпылама бірдей ұйымдастырылған тәрбие сағаттарында кеңінен талқылады. Ендеше,төмендегі ережелермен таныс болыңыздар!!!!

????Бағдаршамның түстерін жаттап,сол ережелерді байыппен орында.

????Жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен жүруді есіңнен шығарма.

????Автокөліктерге қарай ешқашан жүгіруші болма

????Автобуста үлкен кісілерге орын ұсынып, ілтипат білдіре біл

????Асықпа, қозғалған машиналарды  олар тоқтағанша сабырлықпен күте біл. 

@obrazovanie_gorod_aktobe

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

5 қыркүйек -Тілдер мерекесі

Автор: admin от 8-09-2021, 19:35, посмотрело: 22

5 қыркүйек -Тілдер мерекесі. Осы бір айтулы мереке күні " Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл "деп ұлағатты сөз қалдырған, Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тіл -қазына, тіл - ұлттың жүрегі.Тілі жойылса ұлттың да құлдырағаны. Тіл тек сөйлесу,пікірлесу құралы ғана емес,тіл күллі ұлттың басын бір шаңыраққа әкеліп қосқан, орны бөлек ұғым. Бүгінгі білім алушы ана тілінің қадірі мен қасиетін жоғалтпай, ана тіліміздің бай,сафтығын бағалап, қоспасыз қолданса ол кешегі  Ахмет, Мағжан,Міржақып,Абай, Шәкәрімдердің еңбектерінің айнасы. Бүгінгі ел тізгінін ұстайтын жастар мен білім алушыларға ана тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында " Мәңгілік ел-мәңгілі тіл" атты тәрбие сағаттары өткізілді.  @obrazovanie_gorod_aktobe

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

1 класқа алғашқы қоңырау жиыны

Автор: admin от 3-09-2021, 19:31, посмотрело: 25

2 қыркүйек күні көптен күткен  алғашқы қоңырау жиынын  1 класқа аяқ басқан бүлдіршіндерімізбен бірге қарсы алдық.  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген бұл мерекенің әрбір оқушы мен ата-ана үшін ерекше екені сөзсіз.  Биылғы жылдың тағы бір керемет жаңалығы ол күллі қазақ даласына білім нәрін сеуіп, жазба әдебиетінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен бастау алған "Әліппе" оқулығының енгізілуі. Әрбір білім алушының сауатты, жаңа заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болуы үшін білім ордасының қалдырар ізі бір төбе. Осы орайда 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 65 түлек мектепті сәтті аяқтап, оның ішінде 27 (40%) оқушы мемлекеттік грант иегері атанса, 31 оқушы ЖОО түсіп отыр.Бұл мектеп ұжымы үшін үлкен жетістік. " Кел,балалар,оқылық " атты салтанатты жиында бүлдіршіндерімізге "Әліппе" оқулығы салтанатты түрде табысталды. Басқан қадамдары сәтті болғай!!!!! @obrazovanie_gorod_aktobe

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Шахматтан I орын

Автор: admin от 21-03-2021, 22:29, посмотрело: 97

????Қалалық 10-11 кластар арасында шахмат бойынша командалық және жеке есепте ????I орын, облыстық деңгейде командалық есепте ????I орын иеленген  11 класс оқушысы Қайырбек Айдананы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таубаев Н.Н????✊????

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп инспекторы 9-11 класс оқушыларымен кездесті

Автор: admin от 27-02-2021, 17:37, посмотрело: 5 097

Оқушыға бағыт-бағдар беру қашанда бірінші орында тұратын мәселе. Құқықбұзушылық бойынша,  кәмелетке толмаған балалардың кешкі мезгілде заңды өкілінсіз сыртта жүруі бойынша, ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мектеп инспекторы А.Төлеубай 9-11 класс оқушыларына түсіндірмелік жұмыстарын жүргізді.                                     

Жаңа заман талаптарына сай тәрбиеленушілердің өздерін тек сапа,білім,дарынды жақтарынан көзге түсіп, биік белестерді бағындыруда ҰСТАЗ,АТА-АНА,ОҚУШЫ үздік үштігінің алар орны қашанда  ерекше болмақ.Бұл тұрғыдан ата-ана чатарына арнайы хабарлама жолданып, мектеп инспекторы тарапынан жұмыс атқарылуда.

 

Категория: Әдістеме және тәжірибе / Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine