» » 1 класқа алғашқы қоңырау жиыны

 
 
 

1 класқа алғашқы қоңырау жиыны

Автор: admin от 3-09-2021, 19:31, посмотрело: 8

0

2 қыркүйек күні көптен күткен  алғашқы қоңырау жиынын  1 класқа аяқ басқан бүлдіршіндерімізбен бірге қарсы алдық.  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген бұл мерекенің әрбір оқушы мен ата-ана үшін ерекше екені сөзсіз.  Биылғы жылдың тағы бір керемет жаңалығы ол күллі қазақ даласына білім нәрін сеуіп, жазба әдебиетінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен бастау алған "Әліппе" оқулығының енгізілуі. Әрбір білім алушының сауатты, жаңа заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болуы үшін білім ордасының қалдырар ізі бір төбе. Осы орайда 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 65 түлек мектепті сәтті аяқтап, оның ішінде 27 (40%) оқушы мемлекеттік грант иегері атанса, 31 оқушы ЖОО түсіп отыр.Бұл мектеп ұжымы үшін үлкен жетістік. " Кел,балалар,оқылық " атты салтанатты жиында бүлдіршіндерімізге "Әліппе" оқулығы салтанатты түрде табысталды. Басқан қадамдары сәтті болғай!!!!! @obrazovanie_gorod_aktobe

 

 

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.