“Абай әлемі” әдеби бұрышы

Автор: admin от 22-01-2020, 12:47, посмотрело: 88

0

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев айтпақшы, Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Абайдың шырағы, Абайдың жарығы, Абайдың сәулесі... тағылған теңдессіз теңеулер. Толық адам тәрбиесін қазақ философиясына енгізген Абай жеке тұлғалық дамудың алғышартын қалыптастырып кетті.
2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, биыл 1 шілдеге дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс.
Ал 1 қазанға дейін мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілуі керек. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтауға да қаулы етті. ​Осындай халықаралық деңгейдегі шараға Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп ұжымы да атсалысуда. Мектепте “Абай әлемі” әдеби бұрыш 2016 жылдан бастап өз жұмысын бастап кетті. Үнемі осы орында оқушылар Абай шығармашылығымен танысып, бір-бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп отырады. Жыл сайын мектепте “Абай, Шәкәрім оқулары” байқауын өткізу дәстүрге айналған. Бұрыш сөрелерінде Абай мұрасына арналған ғылыми зерттеу-еңбектерінің ұлы тұлға өмірінен сыр ақтаратын философиялық деректер мен әдеби танымдар жас буынға өзін-өзі тәрбиелеуге, өмір сүруге дайын бағыт береді.

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.