5 қыркүйек -Тілдер мерекесі

Автор: admin от 8-09-2021, 19:35, посмотрело: 10

5 қыркүйек -Тілдер мерекесі. Осы бір айтулы мереке күні " Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл "деп ұлағатты сөз қалдырған, Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тіл -қазына, тіл - ұлттың жүрегі.Тілі жойылса ұлттың да құлдырағаны. Тіл тек сөйлесу,пікірлесу құралы ғана емес,тіл күллі ұлттың басын бір шаңыраққа әкеліп қосқан, орны бөлек ұғым. Бүгінгі білім алушы ана тілінің қадірі мен қасиетін жоғалтпай, ана тіліміздің бай,сафтығын бағалап, қоспасыз қолданса ол кешегі  Ахмет, Мағжан,Міржақып,Абай, Шәкәрімдердің еңбектерінің айнасы. Бүгінгі ел тізгінін ұстайтын жастар мен білім алушыларға ана тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында " Мәңгілік ел-мәңгілі тіл" атты тәрбие сағаттары өткізілді.  @obrazovanie_gorod_aktobe

 

Категория: Мектеп дәстүрі