Адалдық дүкені

Автор: admin от 3-03-2021, 16:17, посмотрело: 53

Адалдық, әділдік қашан да адамзат жаратылысындағы көркем қасиеттердің биік шыңы болып қала бермек. Білім алушылардың білім алып қана қоймай, әділдік ұғымы мен адалдықтың жолын жандарына жақын тарта білсе бұл біздің басты жетістігіміз.               

Мектебімізде "Адалдық дүкені" қайта жанданды. Оқушыларымыздың осы үлкен мағыналы дүниеге саналықпен қарауда бұл жобаның берері көп. Адалдық дүкеніне қолжетімді бағада оқушыларымызға қажетті оқу-құралдары орналастырылды.Келіп түскен қаражат мектебіміздегі аз қамтылған, ата-анасынан айырылған,аса қамқоршылықты қажет ететін отбасылардың балаларына қажетті заттарды толықтырумен жүзеге асырылып отырады. 

Категория: Открытый орган / Противодействие коррупции