Гуманитарлык пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" тақырыбында Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- еліміздің өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, оқушылардың таным түсініктерін кеңейту. Игі шараның ұйымдастырушысы тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Жайбергенов пен оқушылар профессорға бірқатар сұрақтар қойды.
Кездесу соңында мектеп директоры А.Б.Жаксыбаева өз алғысын білдіріп, "Мұғалжар ауданының энциклопедия" кітабын ұсынды.