1класқа қабылдау тамыз айының 1-де аяқталады

Автор: admin от 8-07-2021, 18:45, посмотрело: 559

Құрметті ата-ана! 1класқа қабылдау тамыз айының 1-де аяқталатынын хабарлаймыз.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар:
- ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- «бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.

 

Категория: Нормативтік құжаттар / Ата-аналарға

 

"Қамқоршылық кеңесі" зумм форматында отырысы

Автор: admin от 22-05-2021, 17:32, посмотрело: 7

22 мамыр күні Республикалық жалпыға бірдей ата-аналар жиналысында мектепшілік "Қамқоршылық кеңесі" зумм форматында 55 класстың ата-аналар комитетіне жыл бойғы атқарған игі істері мен отырыстардың мақсатын айқындап, мәлімдеп берді.Бұл аталған ұйымның негізгі мақсаты тек қаржылық-материалдық базасына  ғана емес,жалпы мектептің тұрмыс тіршілігіне етене араласу. Демеушілік көрсете отыра көпшілік ата-аналарға бағыт бағдар бере отыра жүргізілетін бұл ұйым IV отырысында оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігіне мән бере отыра, жазғы сауықтыру лагерлеріне баратын оқушылар тізімін талқылап, тіркеуде тұрған оқушылардың жаз мезгіліндегі қозғалысымен танысты.

 

 

 

Категория: Открытый орган / Попечительский совет

 
 

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

Автор: admin от 15-04-2021, 01:43, посмотрело: 7 960

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына
10-қосымша

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

Категория: Организация горячего питания / Государственные услуги

 
 
Назад Вперед