Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді

Автор: admin от 24-12-2019, 18:19, посмотрело: 29

Сонау 1991 жылы 16 желтоқсанда азат қазақ елінің асқақ арманы орындалып, дербестігіміз жарияланды. Сондықтан Тәуелсіздік күні біз үшін қастерлі мереке. Халық нақылында «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді» деген қанатты сөз бар. Осы орайда келер ұрпақ ұлттың осы асыл мұратқа қол жеткізуінің қиын да сезімге толы жылдарын, осындай ұлы күннен кейінгі мемлекетіміздің гүлдене түскен тағдырлы кезеңдерін мейлінше жадында сақтап өсуі тиіс. Сол игі мақсатта мектебімізде 1-11 класс аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

 

Категория: Оқушыларға / Мектеп дәстүрі

 

«Шахмат» үйірмесі

Автор: admin от 11-12-2019, 20:49, посмотрело: 267

Шахмат кабинеті.Шахмат- пайдалы ойын. Ол стратегиялық тұрғыдан ойлау қабілетіне, жағдайды алдын ала біліп отыруға үйретеді. Бұл ойын мектеп оқушылары үшін ақыл-ойды дамытудың жақсы жаттықтырушысы. Шахмат — адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектебінде жүргізіліп жатырған «Шахмат» үйірмесінің негізгі мақсаты: Шахмат үйірмесі арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау. Үйірмеде оқушылар шахматтың шығу тарихымен танысады, ойын ережелерін үйреніп, сайыстарға қатысады. Үйірмені жүргізілуге арналған оқу кабинеті жабдықталған. Мектебіміз 2019 жылы Шахмат федерациясы ұйымдастырған республикалық байқауда еліміздің үздік он мектебінің қатарында жүлделі 1-орын иеленіп, осы кабинетті жеңіп алған. Шахматтан облыстық, қалалық деңгейде семинар өткізіліп, тәжірибе алмасу жүзеге асырылып отырылады. «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен бірлескен республикалық деңгейде шахмат пен дойбыдан мұғалімдер арасында дүбірлі жарыс ұйымдастырылып, мектеп мұғалімдері Н.Таубаев пен І.Ернияшовтар жүлдегер атанды. Үйірме мүшелері мен жетекшісі қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі шахмат жарыстарына қатысып, жүлделі орындар иеленуде. Еділжан Ерасыл Қайратұлы-облыстық шахматтан оқушылар арасындағы жарыстардың жеңімпазы; Социал Нұрдос, Қайырбек Айдана, Бөлеген Жәнібек, Жумагулов Диас-қалалық шахматтан оқушылар арасындағы жарыстардың жүлдегерлері.

 

Категория: Мектеп жайлы / Оқушыларға

 

8 орта мектебінде Білім күніне орай "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Автор: admin от 11-12-2019, 20:46, посмотрело: 159

8 орта мектебінде Білім күніне орай "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

 

Категория: Мектеп жайлы / Оқушыларға / Ақпараттандыру

 

Сыбайлас жемқорлыққа күні

Автор: admin от 10-12-2019, 14:16, посмотрело: 31

Мектебімізде 9 желтоқсан халықаралық "Сыбайлас жемқорлыққа күніне қарсы" жоғарғы класс оқушылары арасында адалдық сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа , әділеттілікке тәрбиелеу болып табылады.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Мектеп лигасы-2019" футбол жарысынан команда ІІІ орынды иеленді

Автор: admin от 6-11-2019, 16:32, посмотрело: 121

Ақтөбе қаласы мектептерінің арасында өткен "Мектеп лигасы-2019" футбол жарысынан  3- класс оқушыларынан құралған команда ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушысы Досов Даулет Жәнібекұлы

 

Категория: Мектеп жайлы / Ата-аналарға / Оқушыларға / Ақпараттандыру

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine