Ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы мәлімет

Автор: admin от 24-12-2018, 10:32, посмотрело: 200

2018-2019 оқу жылы бойынша №8 орта мектепте аз қамтылған, көп балалы, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар ЖББ қорынан бөлінетін қаражаттан ыстық тамақпен оқушыларды қамтылуы туралы мәлімет

 

       2018-2019 оқу жылында мектеп бойынша барлық оқушы саны 1323. Оқу жылының басында оқушылардың әлеуметтік жағдайын аңықтау мақсатында мектепішілік комиссия құрылып (Бұйрық №611, 28.08.2018) зертеулер өткізіп, мектептің әлеуметтік паспорт жасалынды. Көп балалы отбасында тәрбие алып жатқан 267 оқушы, аз қамтылған отбасында -33 оқушы,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 5 оқушы. Жоспар бойынша осы категорияға кіретін оқушылармен жұмыс жасалып, жүргізілуде. 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Денсаулық - басты байлық

Автор: admin от 12-09-2018, 16:30, посмотрело: 354

#8 орта мектепте Денсаулық күніне орай 7-14 қыркүйек аралығында "Денсаулық - басты байлық" атты апталығы өткізілуде. Оқушыларды салауатты өмір салтына тəрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын жаттығу түрлеріне арнауға баулу мақсатында мектебімізде бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 8-11 класс оқушылары арасында гір спортынан жарыс , 5-6 сынып оқушылары арасында минифутбол жарыстары өткізілді. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. 
Сонымен қатар, "Белсенді өмір-жүз жастық ғұмыр" атты флеш-моб, 1- сынып оқушыларына "Тазалық-денсаулық кепілі" тақырыбында медбикемен кездесу шаралары ұйымдастырылды. Осындай шаралар болашақта да өз жалғасын таппақ.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
 

Бабаларымыздың өмір жолын үлгі ету

Автор: admin от 14-06-2018, 01:03, посмотрело: 295

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Бақытты бала"жобасы аясында батыр бабаларымыздың өмір жолын үлгі ету, өткенімізді ұмытпау және болашаққа бағдарлау мақсатында #8ОМ 7-класс оқушылары, класс жетекшілері, тарих пәні мұғалімдері Қобда ауданы Әлия ауылындағы "Әлия" патриоттық  облыстық тәрбие беру орталығына саяхатқа шығып,  деректер алып, батыр апамыздың ерлігі мен рухына тағы бір мәрте тағзым етіп қайтты.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Тұңғыш Президент паркінде мерекелік концерт өтті

Автор: admin от 5-06-2018, 16:58, посмотрело: 251

«Бақытты бала-мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қолдау мақсатында 05.06.2018 ж Тұңғыш Президент паркінде мерекелік концерт өтті. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы жасалған сенсорлы үйшіктерді табыстады. Осы құрал арқылы балалар жан-жақты дамуына және денсаулыққа пайдалы әсер әкелетініне сенімдіміз.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine