"GoGlobal-2020" халықаралық олимпиадасы болып өтті

Автор: admin от 4-02-2020, 18:17, посмотрело: 53

Мектебімізде  "GoGlobal-2020" халықаралық олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға 8-9-10 класс окушыларынан 41 қатысушы қатысты. Жарыста жүлделі бірінші орын алған оқушы Англияға жолдама алады. Сол себепті бүгінгі қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ұйымдастырушы ағылшын пәнінің мұғалімі Серікова Айдана Бағданбекқызына алғыс білдіреміз.

 

 

Категория: Оқушыларға / Мектеп дәстүрі

 

Білім беру менеджментінің заманауи әдістерінің панорамасы

Автор: admin от 22-01-2020, 18:04, посмотрело: 64

Бүгін Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысының қатысушыларын «Білім беру менеджментінің заманауи әдістерінің панорамасы» аясында №8 орта мектебінің ұжымы қарсы алды.
Қонақтар 8 нысанға бөлініп, әр нысан бойынша оқушылар шығармашылық жұмыстарын және жетістіктерін көрсетті: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «100 есім», «Букроссинг», «Жастар бұрышы», «Онлайн кітапханаларға» Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай галлериясы»; Оқушылардың зертханалық жұмыстар жасауына арналған «IТ», «Робототехника» кабинеттері. Сонымен бірге білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасау мақсатындағы жасақталған «Шахмат» (Қазақстан шахмат федерациясымен, «Шахмат мектепте» республикалық байқау нәтижесінде жабдықталған) кабинеттеріне саяхат жасады. Саяхаттың әр бөлігінде қонақтарға мозаика бөліктері беріліп және әр нысаннан бір үлкен детальдан алынды. Қорытынды кезінде сол үлкен бөліктерден Ақтөбе қаласының картасында бейнеленген №8 орта мектептің басқару жүйесінің моделі құрастырылды. Құрастырылған мозаика қонақтарға ресурс ретінде үлестірілді. «Инновациялық қызмет және консталтинг» (іс-тәжірибелер таныстырылымы) бөлімінде мектеп директоры Айсұлу Берікқызы Жақсыбаева мектеп басқару жүйесі, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың жетістіктері туралы таныстырылым жасады.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

“Абай әлемі” әдеби бұрышы

Автор: admin от 22-01-2020, 12:47, посмотрело: 61

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев айтпақшы, Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Абайдың шырағы, Абайдың жарығы, Абайдың сәулесі... тағылған теңдессіз теңеулер. Толық адам тәрбиесін қазақ философиясына енгізген Абай жеке тұлғалық дамудың алғышартын қалыптастырып кетті.
2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, биыл 1 шілдеге дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс.
Ал 1 қазанға дейін мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілуі керек. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтауға да қаулы етті. ​Осындай халықаралық деңгейдегі шараға Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп ұжымы да атсалысуда. Мектепте “Абай әлемі” әдеби бұрыш 2016 жылдан бастап өз жұмысын бастап кетті. Үнемі осы орында оқушылар Абай шығармашылығымен танысып, бір-бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп отырады. Жыл сайын мектепте “Абай, Шәкәрім оқулары” байқауын өткізу дәстүрге айналған. Бұрыш сөрелерінде Абай мұрасына арналған ғылыми зерттеу-еңбектерінің ұлы тұлға өмірінен сыр ақтаратын философиялық деректер мен әдеби танымдар жас буынға өзін-өзі тәрбиелеуге, өмір сүруге дайын бағыт береді.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«100» есім жобасы

Автор: admin от 22-01-2020, 12:47, посмотрело: 52

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.
Мектеп қабырғасында ақылымен, дарынымен мектеп тіршілігіне үлкен үлес қосқан оқушылар мен ұстаздар санаты осы бұрыштан орын алып отыр. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Бұл “100 есім” бұрышы алдағы уақытта әрбір адамның туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы осы екендігін сезіндіру мақсатында қызмет етеді. Бұл бұрыш 2017 жылы құрылды.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Көшеттер отырғызу рәсімі өткізілді

Автор: admin от 20-01-2020, 10:02, посмотрело: 131

Мектебімізде оқушылармен бірге табиғат пен туған өлкеге сүйіспеншілікпен қарауға бағыттайтын бірыңғай республикалық экологиялық сағат аясында мектеп ауласына Е.В. Гончаровтың қатысуымен жаңадан көшеттер отырғызу рәсімі өткізілді.

Категория: Мектеп жайлы / Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine