Күз -берекем,күз -мерекем

Автор: admin от 26-10-2020, 16:33, посмотрело: 17

"Күз -берекем,күз -мерекем" атты сурет,аппликация,буклет жасау апталығы.Шараға мектебіміздің табалдырығын кеше ғана аттаған бүлдіршіндер мен 2, 3 кластың оффлайн кластары ерекше дайындалды.Күз молшылықтың белгісі.Ырысы мен несібесі толы құшағын жая қайта оралған ерекше мезгіл оқушыларымыздың санасынан ерекше орын алары сөзсіз.Баламен бірге жаны мен бар өнерін сала,бала мен ана,әке жұмысы ұштасқан осы бір көрме ерекше сезімге толы болды.Алтындай сары кілемге оранған күз біздің мектебімізге ерекше көңіл күймен келді, зуылдаған ызғары мен шуылдаған желін сезбей де қалдық.Себебі,көрме балалық,аналық,әкелік,ұстаздық махаббатқа толы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Ата-аналарға / Оқушыларға